
Біз туралы
Lancaster Group-Қазақстандағы көп салалы холдинг компаниясы. Экономиканың түрлі салаларына инвестициялай отырып, компания ірі халықаралық операторлармен бірлескен кәсіпорындар құрады және бүгінде өнеркәсіптік инфрақұрылым, Мұнай-Газ қызметі,фармацевтика, логистика, қаржы қызметтері, телекоммуникация және қонақ үй бизнесі сияқты секторларда ұсынылған.
Lancaster Group ашық корпоративтік даму және қаржылық бақылау қағидаттары негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес әрекет етеді. Топ холдингтің ресми құрылымы арқылы және әртүрлі миноритарлық акционерлермен акционерлік келісімдер негізінде өз бөлімшелерін бақылауды жүзеге асырады.
Әрбір бөлімше Lancaster Group белгілеген Корпоративтік даму стандарттарын және қаржылық бақылау қағидаттарын ұстанады. Әрбір өнеркәсіптік холдингте жекелеген компанияларды басқаруды осы компаниялардың тиісті директорлар кеңестері мен атқарушы органдары жүзеге асырады.
© Lancaster Group, 2022
Создание сайта от Studio Nomad