Алдыңғы жаңалықтар

Lancaster Group және Harvard Kennedy School Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған стипендиялық бағдарлама тағайындау туралы келісімшарт жасасты

Lancaster Group және Harvard Kennedy School (Джон Ф. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі) қазақстандық мемлекеттік қайраткер, бизнесмен, Lancaster Group акционерлерінің досы және серіктесі Нұрлан Қаппаровтың құрметіне «Nurlan Kapparov Graduate Fellowship Fund» стипендиялық бағдарламасын тағайындау туралы келісімшарт жасасты.

Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша 2003 ж. түлегі Нұрлан Қаппаров көзі тірісінде жастар және білім сұрақтарына үлкен көңіл бөлді. Ол Орталық Азиядағы Гарвард клубының (Harvard Club of Central Asia) негізін қалады, клуб өңірдегі Гарвард түлектерін біріктіруге бағытталды. Оның қолдауымен, Гарвардқа оқуға түсуге ниет білдірген жергілікті студенттерге стипендиялар тағайындалды; болашақ студенттермен кездесу үшін Қазақстанға осы университеттің профессорлары шақырылды. Нұрлан Қаппаров дарынды жастардың тұтас буынына олардың орындалуы қиын армандарын – әлемнің үздік университеттерінің бірінде оқуды жүзеге асыруға көмектесті.

Нұрлан Қаппаровтың қазасынан кейін көп ұзамай 2015 жылы, оның жұбайы және жақын достары, Lancaster Group холдингтік компаниясының құрылтайшылары, осы оқу мекемесінде Нұрлан Қаппаровтың мұрасын сақтау және әрі қарай дамыту үшін, Кеннеди атындағы Гарвард мектебінде оны еске алуға арналған стипендия тағайындау туралы шешім қабылдады.

«Nurlan Kapparov Graduate Fellowship Fund» стипендиялық бағдарламасы осы 2017-2018 жылы іске қосылады және конкурстық негізде Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің тиісті іріктеу критерийлеріне сай келетін, Қазақстаннан және Орталық Азиядан шыққан абитуриенттерге табысталатын болады. Стипендияға қол жеткізу және табыстауға қатысты барлық шешімдер Гарвард мектебінің бекітілген ережелері мен рәсімдеріне сәйкес, тек сол мектептің қарап шешуімен қабылданады.

Келесі жаңалық