Алдыңғы жаңалықтар

Nurlan Kapparov Fellowship жаңа стипендиаты-Нүркен Урмантаев!

Құрметті Достар! Nurlan Kapparov Fellowship жаңа стипендиаты Нүркен Урмантаевпен танысыңыз! Нуркен Урмантайев Гарвард Кеннеди мектебінде MC/MPA бағдарламасына түсіп, көп ұзамай Бостонда оқуын бастайды. Нұркенді құттықтаймыз және оқуда сәттілік тілейміз!
——————
Урмантаев Нүркен Темірханұлы
1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2004 жылдың тамыз айында Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Анкара университетін бітірді.
2005 жылғы ақпанда ҚР Қорғаныс министрлігінде офицерлік лауазымға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына қызметке шақырылды.
2012 жылғы қаңтарда Вашингтон қаласындағы ҚР АҚШ елшілігіне әскери атташенің көмекшісі лауазымына тағайындалды.
2016-2017 жылдары ҚР Сыртқы істер Министрлігі жүйесінде жұмыс істеді, содан кейін 2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстанның Түркиядағы Анкара қаласындағы Елшілігінде кеңесші қызметін атқарды
Ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Келесі жаңалық