Алдыңғы жаңалықтар

«Жас Қыран» БЖФҚЛ президенті Берік Қаниев пен вице-президенті Марат Әбділдәбеков өздерінің футбол жобасының қалай дамып келе жатқанын және өздерінің алдарына қандай мақсаттар қоятынын әңгімелеп берді

«Жас Қыран» балалар жасөспірімдер футбол лигасының президенті Берік Қаниев пен жобаның вице-президенті Марат Әбділдәбеков «PROСПОРТ» тілшісіне өздерінің футбол жобасының қалай дамып келе жатқаны мен күллі республикка көлемінде олардың өткізетін турнирлеріне қанша баланың тартылғаны жайлы және өздерінің алдарына қандай міндеттер қоятыны туралы әңгімелеп берді.

– «Жас Қыран» республикалық болғалы бері бір жылдай болып қалыпты. Өткен уақыт ішінде қандай жетістіктерге жеттіңіздер және осындай жалпықазақстандық жарыс өткізу идеясының қалай пайда болғаны туралы айтып беріңізші.
Б. Қ.: 2011 жылы Марат Әбділдәбековтың белсенді қатысуымен біз Алматыда балалар жасөспірімдер футболының турнирін аштық. Содан бері бұл қалалық лига айтарлықтай табысты дамып келді және қазіргі сәтте 118 командадан, 2700 баладан тұрады. Бір дивизионға қалағанның барлығы сыймағандықтан, біз жарысты А және Б лигасына бөлдік. 2015 жылдың аяғына қарай біз күш жинай бастадық, жұмысқа қалалық және республикалық футбол федерациялары қосылды. Біз ҚФФ атқарушы комитетінің құрамына кірген кезде «Жас Қыран» ды бүкіл Қазақстанға тарату ойымызға келді. Еліміздің барынша көп өңірлерін қамтуымыз керек деген өр мақсат бір жыл бұрын қойылған болатын. Басында біз лигаға он шақты облыстың өкілін келтіре алатын шығармыз деп сендік, алайда бірінші жылдың өзінде бүкіл ел өңірлерінің 90 пайызын тарту қолымыздан келді.
М. Ә.: Біздің идея – әлеуметтік жедел саты құру. Аударн орталығынан келген дарынды бала ешқашан футбол орталығына, ешқайда түсе алмас еді. Бірақ біздің бұл істі қолға алғанымыздың арқасында ол аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жеңістерге жетіп, бірте-бірте көтеріле бастайды. Оны керекті адамдар байқап қалып, ақыры футбол орталығына шақыруы мүмкін. Қажетті жарақтандырылған ол жерде онымен кәсіби бапкерлер айналысады. Көзге түспей қалған көптеген балаларға «Жас Қыран» жүйесі қайткенде топ жарып шығуға мүмкіндік береді. Қалайша? Әлбетте, ден қоюдың арқасында. Қымбат көлікпен алып келген тоқ балаға қарағанда, аш баланың ынтасы жоғарырақ болады.
– Бүкіл Қазақстан аумағы бойынша «Жас Қыранға» неше бала тартылғанын есептеуге болады ма?
Б. Қ.: Жылдың басында қатысушы балалардың жалпы санын 30 – 32 мыңға дейін көбейтеміз деп алдымызға мақсат қойдық. Біз бұл санды еуропалық балалар лигасын зерттеп білген соң, Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі футбол секцияларының санын ескере және алматылық «Жас Қыран» лигасының тәжірибесіне сүйене отырып, есептеп шығардық. Ел чемпионаты клубтарының жанындағы балалар футбол орталықтарында айналысып жүргендерді алып тастағанда, бізді қызықтыратын біркелкі жас аралығындағы топтарда неше бала болуы мүмкін екенін шамалап білдік. Қазір біз 20 мыңға жуық адамды қамтимыз, ал екінші маусымда, келер көктемге қарай санды 30 мыңға жеткізсек дейміз.
Егер де біз лигамызды жақсы дамытсақ, оған республикалық чемпионат мәртебесін бергіміз келеді. Бұл жағдайда біз балаларға – дәреже, ал бапкерлерге – санаттар мен ақшалай үстемақы бере аламыз.
М. Ә.: Оптимисттік болжам бойынша, «Жас Қыран» лигасына қатысушы балалардың жалпы саны келесі жылдың аяғына қарай тіпті 35 мыңға дейін жетуі мүмкін.
Командалармен жұмыс істейтін бапкерлерге келер болсақ, оларда белгілі бір біліктілікті растайтын С санаты болуы керек. Бірақ ондай мамандар бізде өте аз. Аудандық облыстардан төмен орталықтар деңгейінде жұмыс істейтін бапкерлердің көбісінде ондай санат жоқ және оны ала алмайды да. Сол себепті біз бапкерлік құрамды уәждеуге тырысамыз (бұл жұмыс қазір біртіндеп түзеліп келеді), яғни жекелеген тәлімгерлерді біліктіліктерін арттыруға жіберу жоспарда бар. Осы бағытқа жауап беретін әріптестер тап қазір бапкерледі сынап бағуда, оларға аудит жүргізіп жатыр. Басымдықтың ұзақ уақыт дами алатын, жалпы болашағы бар жас мамандарға берілетіні түсінікті. Бұл төрешілерге де қатысты.
– Сіздің ойыңызша, «Жас Қыран» лигасына өткен балалардың арасында футбол орталықтарын толтыра алатын балалар көп пе?
Б. Қ.: Ондай үш-төрт ойыншы тапсақ, қуанышты болар едік. Біздің жоқ дегенде, балаларды салауатты өмір салтына дағдыландырғанымыз маңызды. Ойыншылар балалар футбол орталықтарына барып жатса, мұны құп көреміз, ал кейін университетке түсіп, басқа болашақты таңдаймын десе, бәрібір бұл тәжірибе оларға көп нәрсе береді.
Өз мысалымды есіме алсам, мен СКА-да жаттықтым, сосын 14 жасымда Ақтөбеге ойнауға кеттім. Артынша физика-математика мектебіне бардым. Бапкерім Нұрпейісов мені ол жерден алып кетпекші болып, артымнан үш рет келді. Болмаған соң әкеммен сөйлестім. Ол маған оныншы сыныпта «Қайратта» ойнайтын боламын деп уәде бере алсаң, онда футбол мансабын жалғасыра аласың, ол қолыңнан келмесе, мектепте қалғанын жөн деді. Ақыр түбі үлкен футболшы бола алмадым, бірақ футбол тәжірибесі менің бүкіл өмірімді өзгертті. Егер де біз бір ауылдан құры босқа сенделіп жүрген баланы алып келіп, оған жол көрсетсек, ол басқаша қалыптасады.
Мысалы, Байқоңырда Біріншілікке келген балалар демалыс күні танымал ғарышкерлер мұражайына барып, әлем ғарышкерлігінің, ғарыш құрылысының тарихымен танысып, сұрақтар қойып, сол жерде суретке түсіп, көңілдерін көтеріп қайтты. Футбол болмағанда, осындай турнир болмағанда, елдің әр түкпірінен жиналған балалар бұл керемет қаланы, әлемдік ғарышты игеру тарихы бастау алған, әлемдік ғарышкерлік орталығы болып саналатын Байқоңырды еш уақытта көрмес пе еді. Бұл жерде өскелең ұрпаққа өзіндік педагогиқалық тәрбие беріледі.
– Мені «Жас Қыран» құрылымының қалай құрылғаны қызықтырады.
Б. Қ.: Біз филиалдарымызды әр өңірде тіркедік, ол жерлерде жарыстарды ұйымдастырумен тікелей айналысатын бірнеше адамымыз бар. Ол филиалдарды «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер футболының орталық лиғасы қаржыландырады, ал стадиондарға, төрешілерге жұмсалатын қалған басқа шығыстарды өңірлік спорт басқармалары көтереді, әкімдермен өзім келісіп қойғанмын. Бұған соншалықты көп ақша кетпейді, мәселен, бір облыс жылына 15-20 млн теңге жұмсайды. Осы сомаға аудандық және облыстық турнирлерді ұйымдастырудан бөлек, жеңімпаздардың бес жас шамасы бойынша республикалық турнирлерге сапарларын қамтамасыз ету де кіреді. Жалпы алғанда, нәтижесі орасан зор.
М. Ә.: Маңызды нәрсе. Жөн сілтеп отыратынымыз белгілі. Бірақ бұл жобадағы басты адамдар деп бүкіл Қазақстанға аты шыққан, футбол тәжірибесі мол адамдарды айтамыз, олар: Болат Есмағамбетов, Виктор Катков, Валерий Малыгин және басқалар.
– Әр команданы жеткілікті ойын тәжірибесімен қамтамасыз ете алып жатысыздар ма? Олар жылына қанша матч өткізеді?
Б. Қ.: Жекелеген өңірде әр түрлі жас шамасындағы 20–25 команда топшаларға бөлініп, олардың ішінен өз кластеріндегі үздіктері анықталады. Одан кейін жеңімпаздар облыстық және республикалық жарыстарға жіберіледі. Бүкіл жолды өткен командаларда жылына 18-ден 25 матқа дейін болады. Менің ойымша, бұл үлкен уәждемелік фактор. Бұрын футбол орталықтарына түсе алмаған, кәдімгі секцияларда жаттығатын балалар екі-үш күнге созылатын сирек турнирлерге қатысса, енді олар толыққанды біріншілікте ойнайтын болды. Олар әр матчқа дайындалады, циклде ойнайды. Бапкер қандай тәсімдерді пысықтау керектігін, жеке алынған ойынға қандай мақсаттар қою керектігін аңғарады.
– Инфрақұрылым – бұл отандық футболдағы ең қиын тақырып шығар. Мұндай қиындықтарға тап болдыңыздар ма?
Б. Қ.: Сондықтан да біз филиалдардан бастауымыз керек. Марат екеуміздің (Әбділдәбеков. – PROСПОРТ Қазақстанның ескертпесі) Құлсары немесе Шалқар ауданына барып, нақты инфрақұрылымды көруге уақытымыз жоқ. Бірақ лига әр өңірдің шынайы көрінісін өз көзімен көріп, ол жердің инфрақұрылымын көтереміз деп алдына мақсат қояды. Бүгінде жекелеген өңірлер туралы түсінігіміз бар: бір жерде алаң болса, бір жерде жоқ. Бапкерлердің біліктілігі мәселесі де маңызды болып табылады. Бұл туралы Марат айтып өтті. Яғни біз тұтастай бір қабатты футбол жүйесінің бетіне, сыртқа шығарып жатырмыз.
М. Ә.: Шынында біз жеке өңірлерде инфрақұрылымның сапасы жаман емес екенін көрдік. Алайда тұтас алғанда, бұл мәселені біздің лига да шешуге көмектеседі деп үміттенеміз.
– Бір-екі жылдан кейін «Жас Қыран» лигасының қандай болғанын көргіңіз келеді?
М. Ә.: Жарыстарға қатысты түпкі мақсат – жеті жас шамасын қамтып, балалар арасында Қазақстан чемпионатын өткізу. Бірақ осындай маңызды санды қамти отырып, адамдардың бір-бірімен араласуларына, жалпы көріністі көре алуларына, барлық өңірлердегі ойындардың нәтижелерін көруге мүмкіндік туғызу үшін біз қандай да бір ақпараттық кеңістікті құруымыз тиіс. Мүмкін матчтардың тікелей бейнетрансляцияларын ұйымдастыру қолымыздан келетін шығар. Қалай болғанда да жаңа буынның балалары интерактивке қызығады, сондықтан да біз жарияланымдарға классикалық пікір жазу мүмкіндігінен бөлек, чаттарды, блог-алаңын қарастыратын портал әзірледік. Бізге кері байланыс қажет. Сайттың негізгі бағыты «Жас Қыран» лигасының барлық қатысушыларын төлқұжаттау болып табылады. Неліктен біз бүгін жарысқа қатысатын балалардың тура санын айта алмаймыз? Оның себебі түрлі өңірлерде сандардың өзгеше болуында. Жылдың аяғына дейін әр баланы ескеріп, олардың барлық деректерін: салмағын, бойын, жүз метрліктегі жылдамдығын, физикалық параметрлерін, амплуасын УЕФА-ның талаптарына сәйкес енгіземіз деп сенеміз. Бұл порталдан ең шалғай ауылдан келген баланың ілгерілеуі мен өскенін қадағалай аламыз.
Б. Қ.: Мен бұл лиганың жаңа ұрпақты дайындау үшін іргелі плацдармға айналғанын қалаймын. Сонда футбол орталықтарының ең дарынды ойыншыларды, оның ішінде біздің кең байтақ Отанымыздың ең алыс түкпірлерінен келген ойыншыларды таңдап алуларына мүмкіндік туады. Ал қабілетті балақайлардың жетіп артылатынына біздің көзіміз әлдеқашан жеткен. «Қайрат» академиясы командаларының қатысуымен бірнеше турнир өтті. Тіпті олардың қасында да алматылық «Жас Қыран» жаман көрінген жоқ. Сонымен бірге, біз кейбір футбол орталықтарының басқалармен байланыспай, өзімен-өздері жүргендерін, яғни қабілетті балаларды қатарына қосып алу мүмкіндігін пайдаланып жатпағанын көріп отырмыз. Болашақта ойын барысында футбол орталықтарының басшылары өздеріне дарынды балаларды тұрақты таңдап отырулары үшін футбол федерациясына «Жас Қыранның» үздік ойыншыларынан тұратын құрамалар футбол орталықтарының командаларымен ойнайтын қандай да бір турнир ұйымдастыруларын сұрап, ұсыныс жасамақшымыз. Біз қазақстандық балалардың тағдырын өзгертеміз деп жай ғана үміттеніп қана қоймай, шынымен өзгертуді армандаймыз, осылайша қазақстандық футболды тұтастай қолдағымыз келеді.
– «Жас Қыранды» дамыту жолында қандай мәселелерді шешу қиынға соғады?
Б. Қ.: «Жас Қыранды» ілгерілету бойынша бізбен ықпалдастықта қызмет істеген өңірлердің кейбірімен түсіністік тауып жатпағанымыз шығар. Ал Даниял Кенжетайұлы (Ахметов. – PROСПОРТ Қазақстанның ескертпесі), Қырымбек Елеуұлы (Көшербаев. – PROСПОРТ Қазақстанның ескертпесі) немесе Бердібек Машбекұлы (Сапарбаев. – – PROСПОРТ Қазақстанның ескертпесі) сияқты әкімдермен тіл табысып, келісімге келу өте оңай. Олар біздің идеямызды бірден қолдап кетті. Алайда кейбір өңірлерде іс алға баспай жатады. Бәлкім мұның себебі бірінші басшыларда да емес, қандай да бір спорт басқармаларының бұл мәселені, яғни резервті дайындау мәселесін және спортта бұқаралықты арттыру қажеттілігін жеткілікті ұқпағанында болуы мүмкін.

Келесі жаңалық