Алдыңғы жаңалықтар

Алматыда Нұрлан Қаппаровты еске алу футболы бойынша екiншi халықаралық турнир өтті

30 наурызда ЦСКА стадионында жасөспірімдер арасында көрнекті мемлекет қайраткері Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған футбол бойынша екiншi халықаралық турнир өтті.

Турнирге «Зенит» ФК (Санкт-Петербург ), «Қайрат» ФК (Алматы), «Пахтакор» ФК (Ташкент ), «Дордой» ФК (Бишкек ), Душанбе қаласының академиясы (Тәжiкстан ) мен «Вельвет» ФК-ның (Алматы) былтырғы жеңiмпаздарын қоса алғанда, 2003 жылы туылғандардан құралған алты команда қатысты. Биыл турнирдің жеңiмпазы «Қайрат» ФК академиясының тәрбиеленушiлерi болды.

ЦСКА стадионының мiнбелерiндегі көптеген жанкүйерлердің арасында Құралбек Ордабаев, Виктор Катков, Михаил Гурман, Сергей Волгин, Валерий Малыгин, «Қайраттың» ойыншысы және белгілі спорт түсініктемешісі Диас Омаров сынды атақты қонақтар, белгілі спорт ардагерлері мен турнирге құрметтi қонақ ретінде Грекиядан арнайы келген, «Қайраттың» аты аңызға айналған ойыншысы, КСРО-ның халықаралық сыныптағы спорт шебері Евстафий Пехлеваниди болды.

«Қайрат» ФК академиясының директоры Дмитрий Галяминнің, Нұрлан Қаппаровтың зайыбы Гауhардың, Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбiл Дөңбаевтiң және басқалардың қатысуымен өткен марапаттау рәсiмiнде «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболы лигасының президенті Берiк Қаниев былай деді:
– Қымбатты жанкүйерлер, футбол сүюшілер! Досымыз Қаппаров Нұрлан Жамбылұлын еске алу турниріне келгендерге шын жүректен сәлем бердік. Бүгін досымыз Нұрлан 47 жасқа толар еді, біздің бүгін жиналғанымыздың себебі де осы. Әрине, бір жағынан бізге бұл туралы айту қиын, екінші жағынан бүгін жиналғанымызға қуаныштымыз. Осы турнирге келіп, осындай жағдай жасаған барлық балаларлар мен ата-аналарға алғыс айтқымыз келедi. Нұрлан спорт пен балаларды өте жақсы көрді, көптеген әлеуметтiк жобаларды жасады, сондықтан да бiз осы турнирді балалар-жасөспірімдер мәртебесімен ұштастырдық. Осымен оның халықаралық болғанына екінші жыл толды және ол барған сайын әйгілі болып келеді. Сіздердің осындай құлшыныстарыңызға ризамын. Осы турнир бойы біз балалардың қалай ойнап, күш-қуат пен адреналин алғанын көрдік. Кезінде біз Орталық стадионға барып, «Қайраттың» танымал командалар – «Спартакпен», «Зенитпен», «Пахтакормен», киевтік «Динамомен» және басқа клубтармен КСРО-ның жоғарғы лигасында ойнағанын тамашаладық. Қазіргі кезде де балалар халықаралық матчтарда ойнап, дәстүрді жалғастырсын дейміз. Барлықтары осында өздерінің күшін сынап көрді және нәтижелерiне қарамастан риза деп ойлаймын.

Бұл турнир Қазақстандық «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболы лигасының «Қайрат» ФБ-мен бірге өткізетін бірлескен жасөспірімдер футболы турнирлері сериясының ішінде 2017 жылы алғашқы болып табылады.
– Турнирді біз жұртшылықты футболға тартатындай, балалар футболының дамуына жол ашылатындай ауқымда өткiземiз. Командаларды таңдаған кезде біз Орталық Азия командаларына ерекше көңіл аудардық. Сондықтан Қазақстандағы балалар футболының қандай деңгейде екенін біліп, оны әрі қарай дамыту маңызды, – деп қорытындылады «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболы лигасының вице-президенті Марат Әбділдабеков.

Келесі жаңалық