
Қазақстандық кәсіпкерлер қаңтар оқиғасының салдарымен күресуге көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Берік Қаниев пен Юрий Парк атынан Lancaster Group Kazakhstan, Тимур Турлов атынан “Фридом Финанс Холдинг”, Сергей Кан атынан “Қазақ мұнай-газ институты” АҚ, BI Топ Айдын Рахымбаев, Асхат Омаров және Бауыржан Исабаев Қазақстанның бизнес-қауымдастығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бастамаларға бірігіп, қолдауға шақыратын ашық үндеу жасады.
Міне, үндеудің толық мәтіні.
“Құрметті отандастар! Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасылары мен достарына шын жүректен көңіл айтамыз. Біз зардап шеккендерге жанашырлықпен қараймыз және оларға тезірек сауығуларын тілейміз.
Біз тек бірге ғана барлық қиындықтар мен күйзелістерді жеңе алатынымызға сенімдіміз. Қазақстан халқымен ынтымақ пен бірлікті көрсете отырып, біз мыналарға жұмсалатын 2 миллиард теңге жеке қаражатты бөлуді жөн көрдік:
- зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету;
- қалаларды қалпына келтіру (Алматы және басқалары);
- зардап шеккен шағын бизнеске көмектесу.
Бұл қадам — әрқайсымыздың біз бар жүрегімізбен сүйетін және қасіреті қайғырған қалаларды қалпына келтіруге нақты үлес қосуға деген ерікті ұмтылысы.
Біз жеке қаражатты салуға шешім қабылдадық. Бір-бірімізге сеніп, күш біріктіру арқылы ғана біз елімізді жақсырақ етіп, үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз!
Бизнес-қауымдастық өкілдерін бірігіп, осы бастамаға қосылуға шақырамыз. Біз Қазақстан қалаларын бұрынғы келбетіне қалпына келтіре аламыз, экономикалық белсенділікті қалпына келтіріп, адамдарға көмек қолын созуымыз мүмкін!
Қазақстан халқына бастарынан жоғары бейбіт аспан және зор денсаулық тілейміз!”


