
Қыркүйек л жағдай бойынша, Ланкастер тобы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек аясында 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп керек-жарақтары түріндегі жиынтықтар сатып алды. Аталған көмектің негізгі мақсаты — қоғамға кірігу, әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру, қарым-қатынас өрісін кеңейту және “Шапағат әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтерді алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
“Алматы қаласы психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі күтім орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың сәуір айында құрылды. Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 3/3 14 қаулысымен “Алматы қаласы психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі күтім орталығы” КММ Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының “Шапағат әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Орталықтың негізгі мақсаты қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы және тиімді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, олардың тұлғалық дамуы мен әлеуметтік бейімделуін жақсарту болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу бүгінгі жоғары дамыған қоғамда өзекті міндет болып қала береді. №1 бөлімде мүмкіндігі шектеулі екі және одан да көп балалары бар отбасылар, аз қамтылған мұқтаж отбасылар бар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау, баласының өмір мен бақытқа деген құқығы үшін күресіп жатқан ата-аналарға қолдау көрсету — әрбір адам үшін асыл миссия!


