Fizmat Endowment Fund — 2017 жылы алдағы ұрпақтар үшін РФМС қажеттіліктерін қаржыландырудың кепілдендірілген және тұрақты мемлекеттік емес көзін қамтамасыз ету үшін құрылған арнайы қор.

Қор мектептің болашақ дамуына алаңдаушылық білдірген түлектердің, ата-аналардың, компаниялардың және басқалардың қайырымдылық жарналары арқылы эндаумент құруға мүмкіндік берді. Жинақталған капиталдан түсетін түсімдер ұзақ мерзімді перспективада мектепті дамыту үшін тұрақтандыру резервін қалыптастыруға, бюджеттен тыс бастамаларды жүзеге асыруға, талантты оқушылар мен мұғалімдерді қолдауға мүмкіндік берді.