Берік Қаниев әртүрлі уақытта мұнай өңдеу компанияларында, атап айтқанда «КБК корпорациясы», «Neco» Ltd және «ҚазақОйл»-да басшылық лауазымдарды атқарды. 2003 жылдан бастап ол Lancaster Group-ты стратегиялық басқарумен айналысады және қазіргі уақытта «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ мен «Tin One Mining» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Әлеуметтік қызмет:
- Солтүстік Македония Республикасының Қазақстандағы Құрметті Консулы;
- Республикалық «Jas Qyran» балалар және жасөспірімдер футбол академиясының бастамашысы және президенті;
- Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінде «Нұрлан Қаппаров атындағы стипендиялар қорының» құрылтайшыларының бірі;
- «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ (РФММ) Директорлар кеңесінің төрағасы;
- «AirVision.kz» қоғамдық қорының бастамашысы;
- «IQanat» ауылдық мектептері үшін білім беру жобасының қамқоршысы;
- Quantum STEM School қазақстандық жаңа мектеп брендінің негізін қалаушылардың бірі;
- Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) Директорлар кеңесінің төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшесі және мектеп түлектері қорының ортақ құрылтайшысы;
- «АНА ҮЙІ» қайырымдылық қорының меценаты;
- «YPO Kazakhstan» мүшесі.
Марапаттар:
- 2021 ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған мерейтойлық медалі;
- 2020 ж. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері;
- 2019 ж. «Құрмет» ордені;
- 1999 ж. «Ерен Еңбегі үшін» медалі.
1987 - 1993 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Қолданбалы математика» факультетінде оқыды. 2007 жылы Дьюк Университетінде (ағылш. Duke University) басшы қызметкерінің МВА дәрежесін алған. 2024 жылы Гарвард Бизнес Мектебінің (ағылш. Harvard Business School) Owner/President Management дәрежесін алды.