Алдыңғы жаңалықтар

Қазақстандық велосипедші

"MyWin" жобасында маңызды оқиға болды - қазақстандық велосипедші, тас жолдағы велоспорттан спорт шебері, республикалық және халықаралық веложарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, Никита Федотовский "My Win" жобасының интернат пен балалар үйлерінің балаларына арналған триатлон мектебінің құрама командасының көшбасшысы - Алматы қаласы № 17 интернатының тәрбиеленушісі Қанай Эльмұратқа "Argon18" велосипедін сыйға тартты.

Никита 2021 жылы 16 қазанда Алматы қаласында өткен Indoor-триатлоннан бірінші клубаралық чемпионатта өз жүлдесін табыс етті. Аталған жарысқа қаланың жетекші триатлон мектептерінен 6 балалар және 12 ересек команда қатысты.

Никита бұл велосипедті жеңгені үшін жеңіп алды, ал Argon18 аты аңызға айналған "Тур де Франс" тас жолымен өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Францияда жүз жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең танымал және беделді велосипед жарысы өтүде. Веложарыстың бейресми атауы – "Үлкен цикл", өйткені тас жол төрт елдің аумағы арқылы өтеді: Франция – Дания – Бельгия-Швейцария. Веложарыс қашықтығы шамамен 4000 км. Жыл сайынғы Тур де Франс 2022 веложарысы Франция жолдары бойынша 109-шы көпкүндік веложарыс болып табылады. Гранд-тур UCI 2022 әлемдік туры аясында 2022 жылғы 1-24 шілде аралығында өтүде. Веложарыс Дания астанасы Копенгагенде басталып, 24 шілдеде Парижде Елисей алаңында мәреге жетеді.

 

Ақпарат үшін.

 

Никита Федотовский тас жолдағы велоспорттан спорт шебері. Республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Тас жолдағы топтық жарыста ҚР Тау чемпионатының жүлдегері. Тас жолдағы командалық жарыста ҚР Ұлттық чемпионатының жүлдегері. Тректегі 3 Жастар ойындарының жүлдегері. Тас жолдағы командалық жарыста ҚР қысқы чемпионатының жүлдегері. Жеке жарыста Алматы қаласының чемпионы. "Прииртышье"көпкүндік жарысында ҚР чемпионатының жүлдегері. Gran Fondo Zhetysu көпкүндік тас жол веложарысының бас біліктілігі бойынша жеңімпазы. BI IRONMAN Astana 70.3 күміс жүлдегері. Grand Fondo Kazakhstan, Tour of Zhetysu 2019 халықаралық веложарысының жеңімпазы.Age санатында дуатлоннан Қазақстан чемпионы. Gran Fondo world tour әлемдік рейтингісінде 3 орын.

Бүгінгі таңда Никита Федотовских World Class Almaty спорт кешенінің триатлон мектебінің бас жаттықтырушысы болып табылады.

 

Сілтемелер:

 

  1. "Алматыда триатлоннан алғашқы клубаралық чемпионат өтті" мақаласына сілтеме

https://vesti.kz/triathlon/almatyi-proshel-pervyiy-mejklubnyiy-chempionat-triatlonu-302387/

Келесі жаңалық