
31 тамыз күні Астанада Quantum International School by Riviera International School есігін ашты. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Білім министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Мектеп экологиялық таза аймақта, Триатлон паркі мен Есіл өзенінің жағалауына жақын жерде орналасқан. Бұл BI Group мен Lancaster Group арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асырылған Quantum Stem мектебімен қатар екінші білім беру жобасы. Мектеп әлемнің 125 елінде және 2700-ден астам мекемелерде танылған 0-11 сынып оқушылары үшін Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама түлектерді әлемнің озық университеттеріне түсуге дайындайды.
“Қазіргі қоғам мен болашақтың мамандықтары оқу орындарынан икемді, жаңа сын-қатерлерге ашық, идеяларды оңай кіріктіре алатын, инновациялық шешімдер іздей алатын және басқалармен өзара әрекеттесе алатын түлектерді оқытуды талап етеді. Біз таңдаған ХБ бағдарламасы оқушыларды барлық кезеңдердің орталығына қояды, олардың жан-жақты дамуы мен барынша әлеуетіне қол жеткізуі”, - деді мектеп директоры Бауыржан Ұзақпай.


