Алдыңғы жаңалықтар

Әлеуметтік жағынан осал 40 отбасына карантин кезеңінде Lancaster Group компаниясының басшылығынан атаулы көмек көрсетілді

Біздің "Lancaster Group Kazakhstan" компаниясы әрдайым өз отандастарына қиын сәттерде көмек көрсетуде,  осы жолы да короновирустық инфекцияның таралуына байланысты ТЖ жарияланған режимі кезінде көмек көрсетуге тырысты, Біздің компания басшылығы Алматы қаласы мен Алматы облысы халқының әлеуметтік осал топтарының отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті.

Біз Алматы қаласының қайырымдылық қорлары мен волонтерлік ұйымдары арасында мониторинг жүргіздік, мұқтаждарға тікелей атаулы көмек көрсететін волонтерлік ұйымдармен байланыстық. Нәтижесінде "Добро в Алматы" волонтерлік ұйымы іріктеліп алынды, олар көп балалы жалғыз басты аналардың, аз қамтылған отбасылардың және мүгедек зейнеткерлердің тізімін берді. Айта кету керек, волонтерлік ұйымдардың көптеген әкімшілері көмек негізінен қала шегінде отбасыларға жетеді, көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын шектеуге байланысты азық-түліктерді блок-бекеттердің артындағы облысқа жеткізу күрделілігі бар екенің анықталды. Мұқтаж отбасыларға жеткізудегі қиындықтарға қарамастан, компания өзінің қамқорлығы мен көмегін бірінші қажеттіліктегі тауарлардан тұратын азық-түлік себеті түрінде жеткізе алды.

 

Келесі жаңалық