2019 жылдың 12 мамырында А. Селезнев атындағы Алматы Хореографиялық училищесі 85-жылдық мерейтойын атап өтті. Әртүрлі жылдардың училище түлектері – Астана Опера, Астана Балет театрларының, Абай атындағы МАОБТ, Болат Аюхановтың мемлекеттік академиялық би театрының, Австрия, Венгрия, Германия театрларының жеке орындаушылары, сонымен қатар Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Кореядан, Якутиядан, Бурятиядан, Башқұртстаннан қонақтар училищені сондайлық айрықша күнмен құттықтады.
Осы оқиғаға орай училищенің тарихы мен қызметі туралы деректі фильмді түсіру туралы шешім қабылданды. “Lancaster Group Kazakhstan” АҚ басшылығы деректі фильмді жасауды ұйымдастыру мен қаржыландыру түрінде Училищеге демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі – Қазақстанның хореографиялық өнерінің алтын бесігі. Училищенің балет әртістері мен би ансамблінің әртістеріне негізгі хореографиялық білім беріп жатқанына міне 85 жыл болып қалды. Бүгінгі күні училищенің көркемдік жетекшісі Людмила Мунсековна Ли болып табылады. Людмила Мунсековна өзі Алматы хореографиялық училищесінің түлегі (1969 г.), сонымен қатар Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші жеке орындаушысы (1969-1989 ж.ж.), арнайы пәндер бөлімшесінің әдіскері (2003-2007 ж.ж.), классикалық бидің педагогы және А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген әртісі (1986 г.), Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005 ж.), «Құрмет» орденінің кавалері (2010 ж.). «Еңбек ардагері» медалымен (2016 ж.) марапатталды.
Бүгін Алматы хореографиялық училищесінің заң бойынша әлемнің жетекші балет мектептері арасында бірінші орындардың біріне ие болғанын және Орталық Азияның үздік мектебі болып табылатынын жүрексінбей айтуға болады. Заманауи мәдениеттің эталондарының бірі ретінде, хореографиялық білімнің қазақстандық мектебінің ең жоғары жетістігін бір ауыздан атап өтетін әлемдік балеттің көптеген қайраткерлерінің пікірлері бұған куә болады.
“Lancaster Group Kazakhstan” АҚ компаниясының басшылығы А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің барлық профессорлық-оқытушылық құрамын, тәрбиеленушілерін, түлектерін мерейтоймен құттықтайды, және Сіздерге денсаулық, бақыт пен амандықты, Сіздің үлкен және маңызды ісіңізде жаңа шығармашылық жетістіктерді, сәттілікті шын жүректен тілейді! Сіздің ұзақ және жемісті шығармашылық өміріңіз өнер мен атамекенге шексіз беріліп қызмет етудің жарқын мысалдарының бірі болып табылады. Сіздердің араларыңызда көбіңіз дарынды оқушылардың бір буынын ғана тәрбиелеп қоймады, ал оларды кейбіреулері қазірге дейін өз шығармашылығымен разы көрермендерді қуантуда. Сіздің бай бірегей тарихыңызға осындай қарапайым үлес қосу біз үшін зор құрмет. Осы деректі фильм арқылы қазақстандық және әлемдік қоғам Сіздердің жетістіктеріңіздің куәгеріне айналатынына біз сенімдіміз. Жастарды тәрбиелеуге қосқан Сіздің үлесіңіз асылында өте бағалы. Сіздердің тәрбиеленушілеріңіздің көбісі, қазақстандық балет мектебінің үздік дәстүрлерін жалғастыра отырып, елдің үздік театрларында сәтті жеке әр орындап жүр.
Деректі фильм Қазақстанның алғашқы балет мектебінің 85-жылдығына – Александр Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесіне арналған. Фильмде училищенің қалыптасу тарихы зерттелген, бірақ осы мезетке ерекше назар аударылған. Елдің ең ескі оқы мекемесі бүгін қалай өмір сүруде, онда қандай адамдар жұмыс істеуде? Аға, орта және тіпті жас буын көп еңбекті талап ететін, күнделікті жұмыспен балеттің болашақ жұлдыздарын туғызады. Сүйікті «Селезневканың» барлық ұжымының риясыз және жанқиярлық еңбегі туралы бұл бейнеқұжат.
“Lancaster Group Kazakhstan” АҚ компаниясының басшылығы сценарий авторы мен түсірілім процесінің жетекшісі – Флюра Борисовна Мусинаға осы фильмді жасауға ерекше алғыс білдіреді. Іске қолданатын жоғары-кәсіби тәсіліңізбен, Сіздің қайырымды жетекшілігіңізбен, біз керемет, лайықты фильмді алдық. Сонымен қатар барлық түсірілім тобы мен режиссёр Данияр Мусинге сіздің кәсіпқойлылығыңыз үшін алғыс білдіреміз.