Алдыңғы жаңалықтар

Fizmat STEM for teachers-2021 жылғы 11-13 тамыз аралығында Нұр-сұлтан қаласында Шеврон компаниясының қолдауымен РФММ ұйымдастырған үш күндік курс-тренинг өтті

Республикалық физика-математика мектебі Шеврон компаниясының қолдауымен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мұғалімдері мен мектеп басшылары үшін біліктілік пен кәсіби құзыреттілікті арттыру курсын өткізді. Үш күндік курс-тренинг 2021 жылғы 11-13 тамыз аралығында Нұр-сұлтан қаласында өтті.


Үш күн ішінде мұғалімдер жобалық оқыту, оқу процестерін жеңілдету, STEM-пәндерді оқыту контексіндегі өзгерістерді басқару, сондай-ақ ғылым мен өнерді интеграциялау бағыттары бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 100-ден астам мұғалім білім беру саласындағы отандық және шетелдік мамандардың курстарына қатысты. Барлық мастер-кластар РФММ-нің youtube арнасында онлайн режимде көрсетілді.

Курстың мақсаты STEM саласындағы білім беру бағдарламалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру және үздік халықаралық практикалармен таныстыру болды.

Бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша сессиялар өткізілді:

- білім беру курстарының дизайны;

- STEM жобасын оқыту;

- көшбасшылық түрлері және мектепті басқару;

- STEM-дегі технологиялар;

- білім берудегі ынталандыру құралдары;

- өзгерістерді басқару;

- STEM - де шет тілдерін үйрену

Инфекцияның алдын алу үшін бүкіл кезең ішінде санитарлық нормалар сақталды, ал қатысудың міндетті шарты вакцинация паспортының немесе ПТР-тестілеудің қолданыстағы нәтижесінің болуы болды.

Толығырақ: https://stemteachers.kz/

Келесі жаңалық