Lancaster Group компаниясы дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін жұмыс істейтін "Солнечный мир" қоғамдық қорына қайырымдылық көмек көрсетті. Ерекше балалар үшін қажетті әлеуметтік және білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ата-аналар қорды құруға бастамашы болды.
"Солнечный Мир" Республикалық маңызы бар оңалту орталығы 2016 жылғы 1 қарашадан бастап жұмыс істейді. Орталық Даун синдромы бар балалар үшін бүкіл республикадан отбасылар келетін жалғыз орталық болып табылады.
2018 жылдың қараша айында Қор "Шекарасыз әлем" номинациясы бойынша "Таным" республикалық сыйлығымен марапатталды. 2019 жылдың 18 қыркүйегінде "Солнечный мир оңалту орталығы" жобасы Нұр-сұлтан қаласының "үздік әлеуметтік жоба" байқауының қорытындысы бойынша 2 – орынға, 2020 жылы - "әлеуметтік жобалардың үздік идеялары"бойынша 2-орынға ие болды.
Біздің компания атынан сіздің орталығыңыздың болуы біздің қоғамда үлкен мәнге ие деп айтқымыз келеді. Сіздің орталығыңыз балаларға педагогикалық оңалту ғана емес, ерекше балалардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетеді! Біз Қор қызметкерлеріне, балалар мен олардың ата-аналарына барлық игілік тілейміз!
Тақырып бойынша қосымша сілтемелер