"AirVision.kz" қордың құрылтайшысы Берік Қаниев және қала кәсіпкерлері Сергей Спицын және Максим Барышев Алматы ауасының ластану мәселесін шешу үшін кездесу барысында жеке секторды тегін газдандыру туралы шешім қабылдады.
Алматы агломерациясының ауасын ластаудың басты көздерінің бірі газбен жабдықтауға қосылмаған жеке аз қабатты құрылыс аудандары болып табылады, олардың тұрғындары үй-жайларды жылыту үшін көмір мен басқа да қатты отынды кеңінен пайдаланады. Бұл атмосфералық ауаға да, үй-жайлардың ішіне де зиянды заттардың едәуір шығарылуына әкеліп соғады, осылайша адам денсаулығына ауыр зиян келтіреді.
Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, бүгінгі күні саяжай алабының үлкен санын есептемегенде, 1587 үй газға қосылмаған.
Кездесу нәтижесінде @airvisionkz қоры бизнесмендермен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы қаласының жеке ауданын газдандыру бойынша жобаны іске қосты, атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарының 200 үйін өтеусіз негізде газдандыру.
"AirVision.kz" қордың сайтында өз өтінімізді қалдыра аласыз https://airvision.kz/news/21