Дарынды балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған инновациялық білім беру жүйесін құру елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы міндеттерді шешуге "РФММ"КеАҚ қызметі бағытталған. Қазіргі уақытта "РФММ" КеАҚ Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында ұсынылған, онда түсу емтихандарының нәтижелері бойынша іріктелген республиканың түкпір-түкпірінен балалар, сондай-ақ халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары оқиды. Бұл мектептерде дарындылықты неғұрлым толық дамытуға, білім алушының әлеуетті мүмкіндіктерін барынша ашуға жағдай жасайтын білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Алматы қаласындағы мектеп ғимараты 1972 жылы салынған және жақын арада мектеп өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. РФММ заманауи мектептер арасында өз орнын алды, біздің еліміздің инновациялық, кәсіпкерлік және ғылыми ортасының қалыптасуындағы өз рөлін түсінеді. Өзінің қалыптасу жылдарында мектеп КСРО-ның ғарыштық және ядролық бағдарламасының бір бөлігі болды, ал бүгінде ол жасанды интеллект пен big data саласы үшін кадрлар ұстаханасы болып табылады.
Биыл мектептің жаңа корпусы пайдалануға берілді, ол білім беру мекемелерінің талаптарына сәйкес жобаланған және салынған. Ғимаратта 300 орындық асхана, 600 орындық акт залы, заманауи спорт залы бар. Жаңа корпустың құрылысының арқасында қосымша 350 оқушы орны ашылды. "Fizmat Endowment Fund" қоғамдық қоры қосымша мамандандырылған жиһазбен, заманауи оқу және зертханалық жабдықтармен жабдықтауды қаржыландырды.
Мектептің жаңа корпусының салтанатты ашылуында "РФММ" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев құттықтау сөз сөйледі:
"РФММ-де тіпті қабырғаларды да үйретеді деп жиі айтылады. Заманауи және әдемі ғимараттың қабырғалары одан да жақсы үйрететіне сенімдімін. Техниканың соңғы жаңалығы бойынша жабдықталған жаңа корпус республиканың түкпір-түкпірінен келген жас дарындарға 21-ші ғасырдағы болжанбайтын және футуристік сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге дайындалуға мүмкіндік береді. РФММ Қамқоршылық кеңесінің және түлектерінің атынан жаңа корпус салуға көмектескен және салған барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Біздің серіктестерімізге "НЗМ" ДББҰ атынан Күләш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі атынан Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке алғысымды білдіремін. Және де Бақыт Оспановқа, Хамит Кушуковқа, Ғабит Бекахметовке, Алмас Күнғожинге, Асхат Каримге, Ануар Унайбековке және құрылыс процесіне белсенді қатысқандарға жеке алғысымды білдіремін. РФММ қабырғасында балалардың жанып жатқан көздерін ғана емес, күлімдеген жүздерін де қайтадан көруге болатын кезді күтіп отырған біздің мұғалімдерімізге зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға денсаулық пен білім тілеймін!»
Бұл жоба мектептің Қамқоршылық кеңесі мен "Fizmat Endowment Fund" Қоғамдық қорының үйлестірілген іс-қимылының арқасында сәтті жүзеге асырылды.