Биыл қатысушылардың бастапқы жарналарынан жиналған қаражат балаларға арналған онкологиялық хосписке және дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған екі мамандандырылған мектепке жолданды. Бастапқы жарналардан жиналған қаражатқа спорт алаңдары салынып, керек-жарақтар сатып алынады, деп жазды almaty-marathon.kz.
Марафон бағдарламасына бұрыннан таныс қашықтықтар кірді: 3 км (балалар 10-14 жас), 10 км, 21,1 км ( жартылай марафон) және 42,2 (марафон) және 10 км скандинавиялық жүріс.
Мәре сызығы мен марапаттау салтанаты Республика алаңындағы старттық-мәре қалашығында болды.
Жоғарыда айтып өткендей, биылғы алматылық марафон жүгіру жарысына қатысушылар саны жағынан былтырғы рекордтан асып түсті. Осылайша, жартылай марафонға алғаш рет LancasterGroupKazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, спорт меценаты, гольф жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы Берік Қаниев қатысты (бүгін, 25 сәуірде, Астанада өткен Қазақстандық футбол федерациясы конференциясының қорытындысы бойынша Берік Сералыұлының ҚФФ Атқарушы комитетіне кіргенін атап өту керек
– Биыл менің алғаш рет қатысуым, бұл мен үшін жыл сайынғы дәстүрге айналады деп үміттенемін, – деді Берік Қаниев. – Мен спортқа, оң эмоцияларға және достық қарым-қатынасты қолдауға әуеспін. «Алматы Марафон» осы айтылғандардың барлығын қамтиды, бұл үлкен спорт мерекесі.
– Марафон сізді қай қырынан таңғалдырды?
– Біріншіден, марафонның жақсы ұйымдастырылғанын атап өту керек, қатысушылар санының 14 мыңнан асқанына қарамастан барлығы ауыз бірлікті және ешбір келеңсіз оқиғаларсыз өтті.
– Марафонның жолы сіз үшін қаншалықты күрделі болды?
– Алғаш рет қатысып отырғандықтан марафонның жолы жеңіл болмағанымен, локациясы өте ыңғайлы болды.
– Сіз әдетте қандай қашықтыққа маманданатын едіңіз?
– Жартылай марафоннан бастадым. Әрине, өз көрсеткіштерімді жақсарту керек – бұл келесі жылы да қатысуға ынталандырады.
– Марафонның бағдарламасына тағы қандай қашықтықтарды енгізуге болар еді?
– Менің ойымша, бұл жерде қашықтықтың барлық нұсқалары ұсынылған. Тек өзіңе лайықты қашықтықты ғана таңдап алу керек.
– Сіз белсенді гольфшысыз. Гольф алаңындағы бірқалыпты байсалқы қарқыннан марафонның экстремалдыға жақын талаптарына қаншалықты жылдам бейімделесіз?
– Шындығында, бұл бірін бірі толықтыратын екі спорт түрі. Гольф – байыпты, байсалды спорт түрі болса, марафон – анағұрлым қарқынды. Марафоннан кейін бірден гольф алаңына тартып кеткенімді айта кетейін (күледі).
Таға да айта кетері, «Экиден» командалық жарысына командалардың рекодтық саны қатысты – 99. «LancasterGroupKazakhstan» командасы алғаш рет қатысып, 26-орынға ие болды.