Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Кеңес одағында техникалық мамандарды дайындау сұрағына аса назар аударылған. Бұл сұрақ ғылымның белсенді дамуы мен ғарышты меңгеру заманында аса маңызды болған. Танымал Орымбек Жәутіков Қазақстандағы мектептердегі физика-математикалық білімді дамытудың өзектілігін нақты түсінген тұлғалардың бірі екендігі белгілі болды. Міне, осы тұлғаның табандылығы мен қаржымас қайратының арқасында Алма-Ата қаласында 1972 жылы Республикалық физика-математика мектебі ашылды.
РФММ-да мектеп түлектеріне КСРО-ның ең үздік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін нақты ғылым салаларындағы фундаменталды орта білім беруге аса назар аударылған. Мектептің көптеген оқушылары Қазақстанның саяси және іскерлік элитасының көрнекті өкілдеріне айналған. Олардың ішінде Кәрім Мәсімов, Тимур Кулибаев, Қайрат Келімбетов, Нұрлан Қаппаров, Ерболат Досаев, Берік Қаниев, Вячеслав Ким, Данияр Еренчинов, Бақыт Сұлтанов, Қайрат Қожамжров, Ерлан Сағадиев, Данияр Абулгазин және т.б. бар.
РФММ оқушылары әрқашан ұйымшылдығымен және достығымен ерекшеленген. Сондықтан болар 1987 жылы РФММ түлегі Нұрлан Қаппаров түлектер қорын құрастыру идеясын ортаға салғанда, оны басқа түлектерде қолдаған. Түлектер ақша жинап, кабинеттерді, спорт залды, жатақхананы (мектептің жанында интернат бар) жайласыруға демеушілік көрсеткен. Өздеріне сабақ берген жоғары білікті ұстаздарды жұмысқа қайтадан шақыртқан. Бұл іс-шаралардың барлығы мектепті сақтап қана қоймай, оның бұрынғы беделін қалпына келтіруге бағытталған болатын. Нұрлан Қаппаровтың 2015 жылы күтпеген жерден қайтыс болуына қарамастан, түлектер мектептің өміріне қатысуын тоқтатпады. Енді, міне, атақты түлектің атында мәңгілікке қалдыру үшін де…
Атақты түлектер жинаған 2 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражат ұстаздардың жалақысын арттыруға, оқушылар арасындағы олимпиада қозғалысына қолдау көрсетуге, алмасу бағдарламасы шеңберінде АҚШ-қа оқушыларды жіберуді іске қосуға көмектесті. Жұмыстың соншалықты жемісті болуы 2008 жылы түлектердің шешімімен 24 қатысушыдан тұратын мектептің қамқоршылық кеңесі құрылуына алып келді. 2014 жылы кеңестің төрағасы болып Кәрім Мәсімов сайланды.
Қамқоршылар «физматты» заманның талаптарына сәйкес ету үшін өзгерістер керек екендігін түсінді. «Заманауи талаптарға сай болу үшін оқу бағдарламасына реформалар қажет екендігін біз анық түсіндік. Кейбір профильді емес пәндерді таңдауды оқушыларға қалдырып, бос уақыттарында физика, математика, ағылшын тілі, ақпараттық технологиялар секілді пәндерді оқуға көңіл бөлу керек» – деді өз сөзінде Forbes Kazakhstan басылымына сұхбат берген Lancaster Group компаниясының басшысы Берік Қаниев.
Қамқоршылық кеңесінің өкілдері әрқашан реформалар қаржылық қолдау мен оқу бағдарламасын өзгертуді ғана емес, мектепті басқару қағидаттарын өзгертуді талап етті. Қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мектептің меншік нысанын республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан (РМК) коммерциялық емес акционерлік қоғамға (КАҚ) өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл өзгеріс оқу бағдарламасын икемді етіп қана қоймай, шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік берді. КАҚ шеңберінде корпоративтік басқару қағидаттары бойынша жұмыс істейтін директорлар кеңесі құрылды. Директорлар кеңесі жылына үш рет жиналыс өткізеді. Жиналыс барысында оқу орынның директоры өз есебін береді. ДК құрамына үкіметтің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының («НЗМ» ДББҰ) өкілдері, сонымен бірге бизнесмендер мен ұстаздар кірді. Бұған қоса РФММ-да оқыту тиімділігін KPI көрсеткіштері бойынша бағалай бастады. Параметрлерге ҰБТ-ны тапсыруды бағалау, TOEFL, IELTS, SAT секілді халықаралық емтихандарды тапсыру, үздік оқу орындарына түскен түлектердің саны кірді.
Директорлар кеңесі КАҚ болып өзгертілген мектеп акциялары пакетінің жартысын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесіне беру туралы шешім қабылданған. Қаниевтің сөзіне сүйенсек, осылайша РФММ академиялық еркіндік, үштілдік, қолданбалы пәндер саласындағы НЗМ-ның тәжірибесін алды. Алайда физмат осы мектептің өзіне тән дәстүрлі әдістерінде сақтап қалды.
Осы өзгерістердің барлығы Қазақстан үшін алғашқы тәжірибе болды. Қаниев бұл жақсы нәтижеге алып келетін іс-шаралардың басы екендігіне сенеді. «Біздің тәжірибемізді Қазақстанның басқа да оқу орындары қабыл алып, еліміздің кез келген мектебінің немесе ЖОО-ның түлектері арасында альма-матеріне келешекте көмектесуге тырысатын азаматтардың пайда болатынына кәміл сенемін. Мұндай көмек тек қаржылай тұрғыда ғана емес, барлық өзге көрсеткіштермен есептелінеді» – деп сөзін қорытындылады Қаниев мырза.
РФММ түлектері әрқайсысы өзінше көмектесіп келеді. Осылайша Kaspi Bank басшысы Вячеслав Ким әлемдік үздік стандарттарға сай мектептің символикасын құрастыруға көмек көрсеткен. Бұған қоса мектеп түлектері мектепті дамытуға қажетті нысаналы капитал сақталынатын эндаумент қорын құрастыруды жоспарлап отыр.
Соңғы жылдың басты жаңалығы – РФММ-ның Астана қаласында филиалының ашылуы. Жаңа оқу орны НЗМ-мен әріптестік пен түлектердің қолдауының нәтижесі екендігі анық. Мектеп қысқа мерзімде іске қосылғанына қарамастан, РФММ үшін көптен күткен жаңалық болды. Шешім маусымда қабылданып, осы қыркүйекте мектептің табалдырығын алғашқы оқушылар аттады.
Мектептің директоры болып білім саласында мол тәжірибесі бар Дюк университетінің түлегі Ғабит Бекахметов тағайындалды. Ұстаздарды бүкіл Қазақстан бойынша іздеді. Нәтижесінде білім беру үдерісіне жаңашылдықты енгізе алатын мықты және бастамашыл команда құрылды. Оқушылар бесінші сыныптан бастап бағдарламалау тілдерін оқып, критикалық ойлау қабілетін дамытуда. Астаналық РФММ шеңберінде edutainment (ағылшын тілінен аударғанда education және entertainment–Автордың ескертуі) деп аталатын зерттеу орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық түрлі ойындардағы оқу компонентін зерттейді. Осының барлығы мектептің танымалдылығын арттыруға септігін тигізді. Конкурс нәтижелері бойынша бірінші-оныншы сынып аралығында 884 оқушы іріктелініп алынды, олардың 200-і грант бойынша білім алады.
РФММ директорлар кеңесінің әлі де жүзеге асырылатын жоспарлары көп. Қамқоршылық кеңес комитеті төрағасының кеңесшісі Бақыт Оспановтің пікірінше мектепте ары қарай даму үшін қажетті құралдардың барлығы бар. Кеңесші Берік Қаниев секілді түлектерді физмат өміріне қатысу тәжірибесі барлық қазақстандық мектептер үшін үлгі болуы ықтимал деп санайды.