Алдыңғы жаңалықтар

Қазақстан гольф Федерациясы Алматы мен Қазақстан өңірлерінде Балалар гольф мектебін ашылғаны туралы хабарлады

01 маусым 2023 жыл

Алматы, Қазақстан

 

Қазақстан гольф Федерациясы Қазақстан гольф Федерациясының президенті  Қаниев Беріктің бастамасымен және қолдауымен Балалар гольф мектебінің ашылғаны туралы хабар жеткізді. Гольф мектебі Алматы қаласындағы "NURTAU" және "Zhailjau" гольф клубтарының базасында, Щучинск қаласындағы "Burabai" гольф-клубында, Астана қаласындағы "Astana" гольф-клубында және Өскемен мен Қостанай қалаларындағы спорт мектептерінің базасында 600 балаға есігін айқара ашты.

2023 жылғы маусым ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 қазанына дейін ашық алаңдарда жалғасады. Маусым аяқталғаннан кейін жаттығулар жабық бөлмелерге ауыстырылады. Балалар жас ерекшелігі бойынша 2 топқа бөлінеді: 7-9 жас аралығындағы балаларға және 10-12 жас аралығындағы балаларға жаттығулар өткізіледі.

Бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі – жаттығулар өткізу тегін. Сондай-ақ барлық қажетті спортқа арналған құрал-саймандар (таяқтар, доптар) тегін беріледі. Жаттығуды тәжірибесі мол білікті тренерлер жүргізеді.

«Біз Қазақстанда гольфті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға тырысып жүрміз және осы бағытта жас ойыншыларға көңіл бөлу өте маңызды» - деп атап өтті Қазақстан гольф Федерациясының президенті Қаниев Берік - Балалар гольф мектебі осы ойынды үйренгісі келетін және оның  үздік ойыншысы болғысы келетін балалар үшін тамаша орын болады деп сенеміз» -деді ол.

Балалар гольф мектебі балаларға осы спорт түрінен шеберлік алуға ерекше мүмкіндік береді. Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген гольфтің Қазақстанда зор әлеуетке ие және балалар гольф мектебі отандық дарынды спортшылардың дамуы мен тәрбиесіне ықпал ететін болады.

 

Қазақстан гольф Федерациясы туралы анықтама:

"Қазақстан гольф Федерациясы" қоғамдық ұйымы өз қызметін Қазақстанда гольфты дамыту және танымал ету мақсатында жүргізеді. Федерация гольф ойнауға қолайлы жағдай жасаумен, жас талантты спортшыларды тәрбиелеумен және жергілікті және халықаралық деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

 

Келесі жаңалық