Алматыда «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер футбол академиясының стадионында Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері Нұрлан Қаппаровтың рухына бағышталған 2003-жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен 3-халықаралық жарыс аяқталды.
Салтанатты жағдай, алаңда ойыншылар құрған спорттық бәсекелестік рухы және шытырмандық ерекше жылу, жайлылық пен мерекелік көйіл күй сыйлады. Жиналған жанкүйерлер жарысқа қатысқан ең күшті командалардың арасындағы ең қызықты ойындарды күтумен болды.
Биыл бас жүлде үшін ОРБЖОММ (Шымкент), «Жас Қыран» (Алматы), «ДВУ» ФК (Днепропетровск, Украина), «Дордой» (Бішкек, Қырғызстан), «Пахтакор» (Ташкент, Өзбекстан) және «Орзу-2026» академиясы (Душанбе, Тәжікстан) өкілдері бақ сынасқанын ескертеміз.
Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша командалар мынадай нәтижелер көрсетті:
1-орын- «Пахтакор» Ташкент қ.
2-орын- «Дордой» ФК Бішкек қ.
3-орын- «ДВУ»ФК Днепропетровск қ.
4 -орын- «Жас Қыран» БЖФО Алматы қ.
5 -орын- «ОРБЖОММ» Шымкент қ.
6-орын- «Орзу» ФК Душанбе қ.
Ең үздік қақпашы- Кланов Иман — «Дордой» ФК
Ең үздік қорғаушы – Прометний Ярослав — «ДВУ» ФК
Ең үздік жартылай қорғаушы- Кукеев Жанр- «ЖАС ҚЫРАН» БЖФО
Ең үздік шабуылшы- Ергашбаев Аббос- «Пахтакор» ФК
Турнирдың ең үздік ойыншысы- Файзуллаев Аббос- «Пахтакор» ФК
Көптен күткен финалдық ойын «Пахтакор» мен «Дордой» командаларының арасында болды, олар бүкіл жарыс бойына өз айла тәсілдері арқылы барынша ұйымдасқан футболды көрсете білді, осы үшін оларға жеке алғыс білдіреміз. «Пахтакор» футбол клубының тәрбиеленушілері мемлекет қайраткері Нұрлан Қаппаровтың рухына бағышталған халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанды. Негізгі уақыт қорытындысы бойынша олар сенімді жеңіске жетті — 4:2. Осылайша, пахтақорлықтар жарыстың «алтын» жүлдегерлеріне айналды.
Соңғы турдың алдында бірінші орынға екі үміткер қалды — ташкенттік «Пахтакор» және бішкектік «Дордой», сондықтан осы екі қарсыластың арасындағы ойын ақтық ойын болды. Матч қызықты, шытырман болды және соққылар саны да көп болды. Қарсыласу барысында пахтақорлықтар 1:2 болып жеңіле келіп, ақырында 4:2 есебімен басым түсіп, осы жарыстың жеңімпаздары атанды. Олардың қанжығасында 4 жеңіс және жинаған он екі ұпайлары бар. Бішкектіктер тура сондай ұпай санын жинап, бірақ жеке кездесуден қарсыластарынан кем түсіп, екінші орынды иеленді.
Үшінші орынға украиндықтар мен алаң иегерлері таласты. Днепропетровскілік команда 2:0 есебімен ойынды жеңіл бастап, екінші таймның соңында босаңсып, жазаланды. Дегенмен, тіпті 2:23 тең ұпай саны және жинаған 6 балл қонақтарға үшінші орын алуға кедергі келтірген жоқ. «Жас Қыран» туының астында ойнаған Алматы қаласының құрама командасы бес ұпаймен төртінші орында қалды.
Жарыстың қорытынды күнінде шымкенттіктер душанбіліктерді жеңіп, өз қарсыласын алтыншы орынға ығыстырып, бесінші орынға ие болды.
Ойынның аяқталғанын күтіп, «Пахтакор» ФК бас жаттықтырушысы Ан Дмитрийден өз әсерімен бөлісуді сұрадық:
Бұл жарысқа біз үшінші рет қатысып отырмыз. Халықаралық тәжірибе жинақтау үшін, сонымен қатар түрлі өңірлер мен елдерден келген күшті бәсекелестермен бақ сынасу үшін келеміз. Жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, тамағымыз бен тұратын жерімізге дейін жоғары деңгейде болды. Осы жарысқа тағы да қуана қатысатын едік. Өйткені осындай шаралар кезінде қандай балалардың болашағы барын бірден көруге болады.
— Сіздер Алматыға үшінші жыл қатарынан келіп жатырсыздар. Сіздердің құрамдарыңыз қатты өзгерді ме?
— Команда іс жүзінде сол құрамында қалған. Балалар өсті, қанаттары қатайды, техникалық-тәсілдік жағынан да күшейді. Біздің академиямыздың өз концепциясы және резервті дайындау жүйесі бар. Осы бағытты ұстана отырып, біз өсіп келеміз.
— Ең үздік ойыншы болып сіздің тәрбиеленушіңіз Абвос Файзуллаев танылды. Оны жанкүйерлер Аршавинмен және Мессимен салыстырып жатты. Ол өте әсерлі ойнады және допты да керемет соқты. Оның күшті жеке шеберлігінің құпиясы неде?
— Абвос жеке ойында ғана емес, командалық комбинациялық ойында да күшті. Оның координациясы керемет, дриблингі жылдам және ойын барысында ойлау қабілеті күшті дамыған. Осы қасиеттерінің барлығын жаттықтырулар кезінде шыңдап, арнайы үй тапсырмаларын береміз.
«Пахтакор» ФК ойыншысы Абвос Файзуллаев:
— Осындай кең ауқымды жарысқа қатысқаныма қуаныштымын, мен үшін бұл үлкен тәжірибе. Біз жеңуге тырыстық, өз мақсатымызды көздедік және оған жеттік. Ал мен өз кезегімде осы жетістігіммен тоқтап қалмаймын, алға қойған мақсаттарыма жету үшін өзімді шыңдай түсемін!
Біз Абвостан блиц-сұхбаттан кейін Андрей Аршавинмен естелікке суретке түсуді сұрадық. Кім білсін, бәлкім, осы жарыстың ең үздік ойыншысына орыс жұлдызының шыққан биігіне дейін көтерілу мүмкіндігі бұйырар.
Сондай-ақ, «ОРЗУ-2026» ФУ бас жаттықтырушысы Рустам Курбанов да өз пікірін білдірді:
— Жарыс маған керемет әсер қалдырды. Тамақтанудан, тұратын жеріміз бен ойынның өткізілуінен бастап барлығы жоғары деңгейде. Осы жарысқа қатысуға шақырғандары үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Біз өзімізді де көрсетуге, өзгені де сынап көруге келдік. Бұл жарыс бізге әрі қарай қалай және қай бағытта қозғалу керектігін көрсетті. Біздің ойынымыз аса сәтті болмады, бұған балалардың шаршаңқы болуы әсер еткен шығар, өйткені қысқа уақыт ішінде біз көптеген жарыстарға қатысып үлгердік. Дегенмен, бұл біз үшін керемет тәжірибе болды, сондықтан алғысымды білдіремін.
Жарыстың шешуші бөлігіне көрермендер көптеп жиналды, Қазақстан футболының атақты ардагерлері Сергей Гороховодацкий, Диас Омаров, Құралбек Ордабаев, «Жас Қыран» БЖФО басшылары, бизнесмендер, саясаткерлер, марқұм Нұрлан Қаппаровтың әйелі, оның достары келді. Соңғы матчқа атақты футболшы Андрей Аршавин де келді.
Онымен VIP орында қатар отырып, ықыласпен сөйлестік. Егер Андрей біздің сұхбатымызды цензурасыз жариялауға рұқсат берсе, оны жеке материал ретінде міндетті түрде Sportinfo.kz- жариялаймын, ал өткен жарысқа қатысты оның білдірген пікірі мынадай:
— Футбол барлығына қуаныш алып келеді және біздің жас ойыншыларымыздың қандай жағдайда ойнап жатқанын көріп көңілім толды. Бұндай стадион жанкүйерлер үшін де өте жайлы. Бұрын бұл жерде жәй ғана үйінділер болған деп естідім, ал қазір заманауи футбол орталығы бой көтерген. Оны тұрғызған адамдарға бәрекелді демекпін. Жарыс туралы айтар болсақ, «Пахтакор» бірінші орынды әділ иеленді: өзбек мектебі қашан да өзінің бразиялық мәнерді пір тұтатын техникалық футболшыларымен ерекшеленетін. Осы жарыстың барлық қатысушыларына және барлық қазақстандық балаларға футболды жақсы көруді және тынбай еңбектенуді тілейтін едім.
Андрей Аршавин марапаттау салтанатына дейін де, ол аяқталғаннан кейін де халықтың назарынан тыс қалмады. Ол ұзаққа созылған фотосессия кезінде ешкімнің көңілін қалдырмады.
— Мен үнемі айтып жүретінмін және тағы да айтамын, футбол – әрі спорт түрі, әрі бизнес, өнер және әлеуметтік құбылыс және еліміздің беделі, бірақ бірінші кезекте, бұл -қуаныш сыйлайтын ойын. Бұл жарыс барлық қатысушыларды қуанышқа бөледі және олар өзара мәре-сәре араласып, достасып үлгерді деп үміттенеміз. Жас футболшылар өздерін жақсы жағынан көрсете білді және жанкүйерлер матчтардан болашақ жұлдыздарды көрді. Кім білсін, 5-7 жылдан соң біз олардың есімдерін мақтанышпен атап, ал тілшілер олар туралы «…бүгін Алматыдағы жарысқа жоғары дәрежелі майталмандар қатысты» деп мақалалар жазып жататын шығар-деп, «Жас Қыран» БЖФО жетекшісі Берік Қаниев Sportinfo.kz тілшісіне берген сұхбатында атап өтті.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» футбол орталығының Спутник стадионында өткен жабылу салтанатына «Жас Қыран» лигасының басшылары Берік Қаниев, Марат Әбділдабеков, марқұм Нұрлан Қаппаровтың әйелі Гаухар Қаппарова, қазақстандық футболдың ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Михаил Гурман, сонымен қатар «Қайрат» ФК ойыншысы Андрей Аршавин қатысты:
«Құрметті достар, балалар, жаттықтырушылар, командалар! Қоғам қайраткері Нұрлан Қаппаровтың рухына бағышталған жыл сайынғы халықаралық жарыстың жабылу салтанатында барлықтарыңызды көруге қуаныштымын»-деп, «Жас Қыран» БЖФО басшысы Берік Қаниев өз сөзін бастады.
«45 жасқа толып үлгермеген шағында Нұрлан мемлекеттік, сондай-ақ әлеуметтік салаларда көптеген игі істерді атқарып кетті. Бүгінгі таңда біз оны кезекті рет еске алып отырмыз. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Ол футболды өте қатты жақсы көрген болатын, бүгін, көріп отырғанымыздай, ымырасыз күрес болды. Үш жыл қатарынан қатысып келе жатқан және үнемі қанжығасына жүлделі орындарды іліп кететін «Пахтакорды» жеңісімен құттықтаймыз. Жарысты ұйымдастырушыларға осындай көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс білдіргім келеді. Балаларға сәттілік пен үлкен жетістіктерге жетуді тілеймін!»
Марат Әбділдабеков, «Жас Қыран» БЖФО басшысы:
«Біздің досымыз, керемет адамның рухына бағышталған тамаша жарыстың аяқталуымен барлығымызды құттықтаймын. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар керемет әсер қалдырды. Біздің шақыртуымызды қабыл алған командаларға жеке алғыс білдіргім келеді. Біздің балаларымыз көрсеткен футбол деңгейі өте жоғары. Көптеген командалар ересек адамдарша пайымдайды, жасөспірімдер сияқты шынайы ойнайды, бұл жаттықтырушылар құрамы мен еліміздің ерен еңбегі. Жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. Барлықтарыңызға сәттілік пен табыс тілмейміз!»
Марқұм Нұрлан Қаппаровтың әйелі Гаухар Қаппарова:
«Бүкіл отбасымыздың атынан зор алғыс білдіргім келеді. Шынын айтайын, осы жерге келсем көкірегімді қуаныш кернейді, өйткені балалардың осындай жақсы жарыстарға қатысуға мүмкіндігі бар. Барлық қатысушыларға болашақта табыс тілеймін. Спортпен осылай кірісе шұғылданып жүргендеріңіз керемет».
Михаил Гурман, Қазақстан футболының ардагері:
«Бұл жұмыстар өмір бойы балалардың есінде қалады. Барлығына бәрекелді деймін. Осы турнирге керемет жағдай жасаған Марат Әбділдабековке, Берік Қаниевқа өз алғысымды білдіргім келеді. Кімнің жеңгені маңызды емес, ең бастысы — балалардың көңілдерінен шықты.
Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, «Қайрат» ФК ойыншысы Андрей Аршавин:
«Сіздерге табыс пен сәттілік тілеймін. Футбол жәй ғана ойын еместігін үнемі есте сақтау керек. Ұйымдастырушылардың бұндай шараларды алаңнан тыс ұйымдастырып жатқаны да маңызды, өйткені ең бастысы-қарым-қатынас. Осылайша мен үшін футбол бір аптадан соң аяқталады (Трибуналарда күлкі естіледі). Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, бұл турнирдің ұзаққа созылуын қалаймыз».